• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №388

329 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-13) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Білім және ғалым министрі ______________ А. Сәрінжіпов 2015 жылғы 8 мамыр «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2015 жылғы 24 сәуір Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №338 бұйрығымен бекітілген Оқу орталықтары қызметінің қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы оқу орталықтарының қызметі Қағидалары «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-13) тармақшасына сәйкес әзірленген және оқу орталықтарының қызмет тәртібін айқындайды. 2. Энергия менеджменті бағыттары бойынша кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды энергия аудиті және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын аккредиттеу туралы куәлігі бар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 бұйрығына сәйкес (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізбесінде № 8073 болып тіркелген) тұлғалармен жүзеге асырады. 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны; 2) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны; 3) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға; 4) оқу орталығының куәлігі – оқу орталығы беретiн, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткенін куәландыратын ресми құжат. 4. Оқу орталықтарының негізгі міндеттері: 1) кадрларды қайта даярлау; 2) тиісті технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты жұмысшыларға, қызметкерлерге, мамандарға үнемі қойылып отыратын талаптарды есепке ала отырып, олардың біліктілігін арттыру болып табылады. 2. Оқу орталықтарының қызмет ету тәртібі 5. Оқу Заңның 5 бабының 15-1) тармақшасына сәйкес бекітілген және оқу орталықтарының басшылары бекітетін процесі оқу орталықтарында оқу жоспарлары мен бағдарламаларына оқу процесінің күнтізбелік кестелеріне сәйкес ұйымдастырылады. 6. Біліктілікті арттыру және (немесе) кадрларды қайта даярлау оқу орталықтары мен мүдделі заңды және жеке тұлғалармен жасалатын оқу шарттары негізінде жүзеге асырылады. 7. Оқу құны оқу шартында айқындалады. 8. Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау күндізгі оқу түрі бойынша ғана жүргізіледі. 9. Біліктілікті арттыруға және кадрларды қайта даярлауға мынадай бағыттар бойынша жіберіледі: 1) энергия аудиті - техникалық мамандықтар бойынша жоғары немесе арнаулы орта білімі бар тұлғалар; 2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы сараптама – энергетика, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жоғары білімі бар адамдар; 3) энергия менеджменті – жоғарғы немесе арнайы орта білімі бар тұлғалар. 10. Кадрлардың біліктілігін арттыруға кадрлардың қайта даярлау курстарынан өткені туралы оқу орталығының куәлігі бар адамдар жіберіледі. 11. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша оқу процесі жазбаша немесе компьютерлік нысанда тестілеу түріндегі қорытынды емтиханмен аяқталады. 12. Тестілеу сұрақтары әр нұсқасы елу сұрақтан кем болмайтын кемінде үш жауап болатын және олардың біреуі дұрыс болып табылатын төрт нұсқадан кем болмауға тиіс. 13. Тестілеу сұрақтары тоқсанына бір рет 10% жаңартылып отыру тиіс. 14. Тиісті бағыттар бойынша тестілеу сұрақтары емтихан комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) бекітеді, комиссияның сандық және дербес құрамын оқу орталығының басшысы бекітеді, бірақ үш адамнан кем болмауы керек. Тыңдаушының жұмыс берушісінің, комиссия құрамына кіре алмайды. 15. Тестілеу сұрақтарының сексен және одан көп пайызына дұрыс жауап берген тыңдаушыға осы Қағидаларға 1-қо­сым­шаға сәйкес нысан бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы куәлік беріледі. 16. Тестiлеу нәтижесінде дұрыс жауабы сексен пайыздан кем болған тыңдаушы он жұмыс күнi ішінде бір реттен аспайтын қайта тапсыруға рұқсат етіледі. 17. Оқу орталықтары жартыжылдық қорытындылары бойынша 15 шiлдеден және 15 қаңтардан кешiктiрмей, есептiк кезең iшiнде берiлген энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өткені туралы мәліметтерді 2-қосымшаға сәйкес уәкiлеттi органға жібереді. Оқу орталықтары қызметінің қағидаларына 1-қосымша Нысан /Оқу ұйымының логотипі/ Оқу орталығы ____________________________ Кадрлардың қайта даярлау (немесе) біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы КУӘЛІК №___________ 20__ жылғы «____» ____________ берілді Осы куәлік растайды_____________________________________ (Т.А.Ә.) Ол 20__жылғы «____» _______ бастап 20__жылғы «____» ___________ дейін ________________________________________________________________________________ бағыты бойынша (қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру) _______________________________________________________________________________________________ (қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру бағытының атауы) __________________________________________________________________курстан табысты өткенін растайды (оқу орталығының атауы) Оқу сағаттарының саны ____. Комиссия төрағасы ____________/__________________ (қолы) (қолының толық жазылуы) Оқу орталығының басшысы ____________/__________________ (қолы) (қолының толық жазылуы) М.О. (болған кезде) Оқу орталықтары қызметінің қағидаларына 2-қосымша Нысан Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Қызметті жүзеге асыратын қайта даярлау (немесе) біліктілікті арттырудан өткені туралы мәліметтер № Оқу орталығы-ның атауы Куәлік нөмірі Тыңдаушының Т.А.Ә.А. Бағыттың атауы Курстың атауы (қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру) 1 2 3 4 5 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11365 болып енгізілді.